Маңғыстауда 200-ден астам аққу қырылып қалды. Ақтау маңындағы Қаракөл көлінен 227 аққудың өлексесі табылған. Зерттеу нәтижелері бойынша өлген аққулардан құс тұмауының вирусы анықталды. Жергілікті атқарушы органның ақпараты бойынша, ветеринария мамандары үй құстарына екпе жасау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, 21 желтоқсанда арнайы қызметкерлер Қаракөл көлінен 30 сыбырлақ аққудың өлексесін тапқан болатын.