Маңғыстау халқы жылдағы дәстүрден танбай Наурыз мейрамын тойлауды бастады. Ақтаудан 150 шақырым жердегі «Адай ата-Отпан тау» кешенінде кеше кешқұрым «Бірлік» оты жағылды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдері бабалар рухына құран бағыштап, қазақ еліне амандық тіледі.