Бөренемен жолды бөгеймін деп басы бәлеге қалды. Шығыс Қазақстан облысында масаң күйдегі тұрғындар автожолдарға ағаш қойып кеткен. Оқиға Алтай қаласында болыпты. Күдікті 20 және 18 жастағы екі жергілікті азамат ұсталған. Ауызша жауап алу кезінде олар осылай әзілдегісі келгендерін айтыпты. Сондай-ақ бұзақылық жасау кезінде орташа дәрежеде масаң күйде болғаны анықталған. Ұсақ бұзақылық үшін тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды.