Түркістан облысы Жетісай ауданындағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайыздық несие алған азаматтарының кәсібі түгел тексерілмек. Бұл туралы облыстық маслихат депутаты Талғат Қаржауов айтты. Оның айтуынша өңірде несиені басқа бағытта жұмсаған 50 кәсіпкер бар екені белгілі болды. Олардың үстінен арыз түсіп, ісі сотқа жолданған. Ал жыл басынан 309 кәсіпкер дәл осы Ауыл аманатының шапағатын көріп, нәсіп тауып отыр. Соның арқасында аудан халқының екі қолға бір күрек таппай жүрген 10852 азаматы толық жұмыспен қамтылған.