Түркістанда Мақтаарал мен Жетісай аудандарынының мәслихат төрағалары 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Мәселен Мақтаарал ауданында осы уақыт аралығында 6 мәслихат сессиясы өткізіліп, маңызды мәселелер бойынша 52 шешім қабылданған. Жергілікті атқарушы органдарға 41 депутаттық сауал жолданып, оның 36-сы қанағаттандырылған. Басым бөлігі инфрақұрылым, құрылыс пен жер қатынастарына қатысты.