Өңір басшысы Майтөбе ауылындағы аурухананың қазіргі жағдайымен танысты. Бүгінде мұндағы ғимараттың тозығы жеткен. Ал ауруханаға қарасты терапиялық бейіндегі 13 төсекке арналған Мичурин стационарлық бөлімшесінің ғимараты осыдан 58 жыл бұрын салынған. Өңір үшін аурухананың маңызды екенін айтқан аймақ басшысы, меселені түбегейлі шешіп, аурухананы жөндеу қажеттігін жеткізді. Тиісті сала басшыларына денсаулық сақтау нысанының мәселесін назарға алып, жұмыс жүргізуді тапсырды.