Түркістандық ағалы әпкелі Рысқұлбековтер Меккеге велосипедпен кетіп бара жатыр. Олар кеше Төрткүл ауылынан шыққан. Жолдарына шағын азық пен қалың киімдер ғана алып, велосипедке тиеп кете барыпты. Сөздерінше, Қасиетті мекенге осылай жаяу бару керектігі жайлы Алладан аян келген. Өткен жылы да ниет етіп жолға шыққан екен. Бірақ, Ақтау қаласына жеткенде құжат жоқтығына байланысты шекарадан өте алмаған. Енді құжаттарын сайлап, шамамен 2 айда Меккеге жетеміз деп отыр. Оларға Түркістан телеарнасының атынан жолға азық берілді. Сондай-ақ, көрген кісілер де аман-есен жетулерін тілеп, көмектерін аямай жатты.