Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының ақтық кезеңін өткізді. «Әңгімелесу» кезеңіне өңір бойынша 47 үміткер қатысуда. Олар 28 мекемеге басшы болудан үмітті. Қатысушыларды бағалау үшін 13 адамнан тұратын арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері үміткерлерді ашық дауыс беру арқылы бағалауда. Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау заң талаптарына сай өтіп жатыр. Бұған дейін үміткерлер құжат тіркеу, тест, қамқоршылық кеңестен келісім алу кезеңдерінен өткен. Олардың арасында еңбек өтілі 30 жылдан асқан тәжірибелі ұстаздар да бар.