Мектеп оқушылары ант қабылдап, табиғат жанашырлары атанды. Түркістан қаласында “Жасыл сақшы” қоршаған ортаны сақтау қозғалысы басталды. Облыстық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен өткен жобаның мақсаты - балалар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Оқушыларды табиғатты аялауға баулу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бүгінде жасыл сақшы балалар мен жасөспірімдер ұйымына 110 оқушы мен 50 қызметкер мүше. Ал ұйымдастырушылар болса мұндай бағдарламаның көптеп ұйымдастырылуы қоғамның дамуына сеп болады дейді.