Түркістандық мектеп оқушылары бірыңғай қазақша киініп жүр. Бұл бастаманы ұстаздар да қолдап, костюмді шапанға алмастырған. Ұлттық киімді брендке айналдырған қаладағы Жұмабек Тәшенов атындағы білім ордасы. Бүгін де бұл игі бастаманы тек бастауыш сынып оқушылары қолға алған. Ал наурыз айының 1-інен бастап жоғары сынып оқушылары да ұлттық киімді ұлықтамақ. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, бастапқыда тек мереке күндері киген. Ал биылдан бастап күн сайын мектеп формасы орнына енгізілген.