Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов №21 М.Пошанов мектебіне барып, білім ұясының қауіпсіздік жүйесін тексерді. Бейнекамераларды қарап шығып, бекітілген күзет қызметкеріне жүктелген жауапкершілікті түсіндірді. «Дабыл батырмасының» жұмысын да сынақтан өткізіп, полиция жасағының қанша уақытта келетінін және қалай әрекет ететінін бақылады. Сондай-ақ, Департамент өкілдері ұстаз қауымы мен оқушыларымен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында арнайы жиын өткізді.