Қазақстан мен ФИФА ынтымақтастықты нығайта түседі. Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президентін қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жайы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны ФИФА президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде 1 млн-нан астам адам жүйелі түрде футболмен айналысады. Барлық аймақта 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығады. Өз кезегінде, Инфантино, еліміздегі футболдың даму әлеуетінің жоғары екенін атап өтті. Кездесу барысында, ФИФА Президенті мемлекет басшысына тегі жазылған жейдені сыйға тартты.