Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл.Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен.Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Ораза қабыл болсын!