Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сай «Шахтер күні» қарсаңында жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Айта кетсек, шахтерлер күні елімізде тамыздың соңғы жексенбісінде тойланады.