Бүгін президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлемнің жетінші және Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдады. Кездесуде мемлекет басшысы спортшыны соңғы жетістіктерімен құттықтаса, қайсар қыз Президенттің өзіне көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізген. Сондай-ақ теннисші Ақордаға құр қол келмепті. Ол президентке "Wimbledon 2022" атты кітап сыйға тартқан. Ал мемлекет басшысы спортшыға сағат пен орамал тарту еткен. Айта кетейік, данқты теннисші 14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет өтетін Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчына қатысады.