Ұлтты ұйыстыратын Ұлттық құрылтай биыл Атырауда өтіп жатыр. Алқалы жиынның бүгін - екінші күні. Құрылтайға мемлекет басшысының өзі төрағалық етіп, ел дамуының негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті тақырыптарды қамтып өтті. Ал еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрылтай мүшелері қоғамдағы түйіткілді мәселелерді ашық талқыға салып, нақты ұсыныстармен бөлісті. Атап өту керек, үшінші Ұлттық құрылтайдың ежелден Батыс пен Шығысты жалғаған Сарайшық іргесіндегі Атырауда өтіп жатқаны зор мәнге ие.