13 шілде - арман қуған талапкерлер үшін атаулы күн. Себебі мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды. Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті де дәл осы күні болашақ студенттерін қабылдауды бастап кетті. Қазір үміт арқалап келген 300-ге тарта талапкер әр салаға құжат тапсырып жатыр. Биыл гуманитарлық саладан гөрі педагогика мен Айти саласына қызығушылық өте жоғары дейді білім ордасының басшысы.