Мемлекеттік күзет қызметі Ақмола облысының су басқан Жібек Жолы ауылына жетті. Олар құтқарушыларға су тасқыны салдарын жоюға көмектесіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Дәл қазір арнайы қызмет мүшелері елді мекенге жақын жердегi бөгеттің жағалауын нығайтуға күш салып жатыр. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде.