Түркістандағы көрме аясында Қытай бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөлісу бойынша Меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру, кабель желісін жасау, электр көліктерін зарядтау станциялары, тігін фабрикасын ашу бойынша жалпы сомасы 3 млрд-тан астам қаржыға кәсіпорындар ашу бойынша келісімдер түзілді. Естеріңізге салсам, бұған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қытайға жұмыс сапарымен барған еді. Сүйтіп Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі, автомобильдер жасау, пластмассадан бұйымдар жасау бойынша бірқатар ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізген болатын. Бұл кездесулер нәтижесін беріп, жақын күнде Түркістан қаласының Индустриалды аймағындағы дайын өндіріс алаңында шұлық және ерлер костюмін шығаратын зауыт ашылмақ. Қытайлық кәсіпкерлер бірнеше жобаны жүзеге асыруға дайынбыз дейді.