Оқушылар сарайында жастар мен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Мен және заң» атты іс-шара өтті. Ол жерде құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастықтарының қызметкерлерінің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды. Бұл іс-шарада жас буын мен кәсіби спикерлер арасында сұрақ-жауап та өтті. Оқушылар саналарындағы сан сауалға жауап тауып, өз құқықтарымен кеңінен танысты.