«Биылғы Жолдау – Президент реформаларының логикалық жалғасы». Бұл туралы бүгін «Аmаnат» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Miras» кеңесінің отырысында айтылды. Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесте халқымыздың тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамалар, экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясын айқындайтын тетіктер талқыланды.