Түркістанда молекулярлы медицина орталығы ашылды. Енді Мұнда Түркістан, Кентау қалалары мен қатар Созақ, Отырар, Сауран аудандарының жүкті әйелдері мен жаңа туған нәрестелер жүгіне алады. Нақтырақ айтқанда, орталық пациенттерге медициналық-генетикалық кеңес беру, нәрестелерді фенилкетонурияға және туа біткен гипотериозға неонаталдық скрининг жүргізу, орфандық ауруларды диагностикалау қызметін көрсетеді.