Бұдан бұлай мопедтер тіркеуге алынып, иесі көлікке мемлекеттік номер тағуға міндеттеледі. Олар автокөлік жүргізушілірімен теңестіріліп А1 САНАТЫНДАҒЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛАДЫ. Сондай ақ жаза күшейтіледі. Себебі мопед жүргізетіндер көбейіп, жол апатының болу статистикасын көбейткен. Олжас Бектенов күні кеше осы мәселені Үкімет отырысында сынға алып, жауаптыларға жол қозғалысын реттеуді тапсырды. Облыс орталығына айналғалы Түркістан көшелерінде де мопед тізгіндейтіндердің саны артқан. Ендеше, оған қатысты қандай мәселелер туындады, тұрғындар мен көлік жүргізушілер не дейді? Толығырақ тілші сюжетінде.