«Жақсы басшы – жарты бақыт». Өмір жолында ұстаздық қызметтен бастап мектеп директорлығына дейін көтерілген Жақсыгүл Сүлейменова көпке үлгі. «Өзімнің ұстаз екенімді мақтан етемін. Себебі, қай жерге барсам да, шәкірттерімді кездестіремін. Олардың жайдары жүзін көру - мен үшін ерекше бақыт» дейді ол. Бүгінде ұлағатты ұстаздың талай шәкірті еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр. Еңбегі ерек жанмен тілшіміз тілдесіп келді.