Педагогтер үшін жағымды жаңалық! Енді 5 қазан - мұғалімдердің кәсіби мерекесі аталып өтілетін күн. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады. Осы уақытқа дейін елімізде мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.