Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Аймақ басшысымен кездесуге жазылған азаматтар инфроқұрылым, ауыл шаруашылығы саласы, әлеуметтік салалар бойынша өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі көтерілген мәселелерге байланысты жауапты басқарма басшыларына тапсырма берді. Мәселені тыңдап қана қоймай, барынша көмек қолын созып, жөн сілтеуді жүктеді. «Ашық есік» күні аясындағы кездесу енді Ордабасы ауданында жалғасын табады.