Жылу қазандықтарының жұмысы қатаң назарда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы жылу қазандығының жағдайымен танысты. Жылу орталығы 13 көпқабатты үй, 892 пәтерді жылумен қамтиды. Сондай-ақ өңір басшысы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен шағымдарын тыңдады. Тұрғындарды терезелер мен сыртқы есіктердің сапасы алаңдатады. Жылу жүйесі де өзекті. Дархан Сатыбалды тұрғын үйлердің салқын болуына сапасы төмен терезелер мен насостар себеп дейді.