Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ашық форматтағы жеке қабылдауы Сарыағаш ауданында жалғасты. Жұмыс сапарымен барған өңір басшысы тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Кездесуде бірқатар өзекті мәселелер ашық айтылып, тұрғындар көкейіндегі сауалдарын қойды. Азаматтардың бірі тұрғын үй жалдауға қаржылай көмек немесе жер телімі берілуін сұраса, енді бірі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында игерілмей жатқан жерді алу бойынша сұрақ қойды. Тағы бір топ аудан тұрғыны мектептің құрылысының сапасыздығы бойынша және шағын орта мектеп директорының тағайындалуына, тұрып жатқан тұрғын үйінің шешімін бермегендігіне, жер заңсыздықтарына, денсаулық жағдайына шағымданды.
Жаңалықтар


































