Шардара ауданы ақ маржанның отаны, ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде балық шаруашылығы дамыған аудан. Бақ пен береке ұялаған осындай киелі өңірдің халқы да еңбекқор. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды шағалалы шаһар халқымен кездесіп, сөз басын осындай ыстық лебізімен бастады.