Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды іссапармен Созақ ауданына барды. Бірнеше нысандардың құрылыс барысымен, жұмысымен танысты. Сондай-ақ аудан тұрғындармен кездесуі де жоспарланған. Толығырақ дәл қазір Шолаққорған ауылынан тікелей эфирге шығуға дайын тұрған әріптесім Ақдариға Мұхаддас айтып берсін!