Облыс әкімі Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралады. Жертөлелер мен пәтерлердегі жылу жүйелерін тексерді. Сапар барысында жергілікті тұрғындар өңір басшысымен жүздесіп, жылудан бөлек ауыз су, табиғи газбен қамту, пәтер иелерінің кооперативін құру секілді түрлі мәселелерін алға тартты. Ал, аймақтың әл-ауқатынан жан-жақты хабардар болған Дархан Амангелдіұлы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.