Түркістан өңірінің тұрғындары облыс әкімінің орынбасарына мұң-мұқтаждарын жеткізді. Бейсен Тәжібаев азаматтардың талап-тілектерін тыңдады. Ашық әкімдік негізінде ұйымдастырылған шарада білім, спорт және мәдениет салалары бойынша біршама мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Қазығұрт ауданындағы жеке азаматтың өз қалтасынан салынған спорт кешені мемлекет көмегіне мұқтаж.