Облыстағы «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай форум өтті. Ақ жаулықты әжелер әдет-ғұрыпты дәріптейтін сахналық көріністер қойды. Атап айтқанда, күбі пісіп, құрт жайып, диірмен тартты. Ондағы мақсат – ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрді жаңғыртып, жастарға насихаттау.