Елімізде кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұр. Десе де ол ашық айтылмай, көп жағдайда жабулы қазан жабулы күйінде қала береді. Ал егер "ауруын жасырған өледі" деген тұрғыда қарасақ, бұл мәселені талқылаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Бүгін Түркістанда облыстық ата-аналар форумы өтті. Шараның басты мақсаты - отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу, әсіресе балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Ресми дерек бойынша, 2023 жылдың алғашқы 3 айында кәмелетке толмағандар арасында 30 суицид тіркелсе, өзіне қол жұмсау фактілерінің саны жүзден асып жығылады екен.