Сарыағаш ауданының проблемалары шешілуде. Бүгін «AMANAT» партиясындағы брифингте Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары есеп берді. Онда аймақтағы ауыл шаруашылығының дамуы, білім беру бағытындағы олқылықтар, құрылыс және таза су мәселелері қарастырылды. Жалпы халық қалаулылары қай кезде де елді толғандыратын проблемалар жайлы атқарушы органдарға депутаттық сауал жолдап, орындалуын ұдайы бақылауда ұстап отыр.