Түркістанда Октябрь Жарылқапов атындағы стадион толық жөндеуден өткізіліп, қайта ашылды. Спорттық нысан сонау 1966 жылы салынған. Жаңа стадионда 2000 көрермен футбол матчтарын тамашалай алады. Оған қоса республикалық, облыстық, қалалық шараларды, еліміздің 1-лига ойындарын өткізуге мүмкіндік бар. Стадионда «Түркістан» клубы және балалар мен жасөспірімдер спорт клубы жұмыс істейді. Ол жерде кіші футбол, стритбол, үлкен теннистен 700-ге жуық оқушы кәсіби түрде дайындалып жатыр. Ашылу салтанатында облыс әкімі көпшілікті жаңа стадионның ашылуымен құттықтады.