Оқушылар қауіпсіздігі басты назарда. Түркістан облысында білім ордалары бейне бақылау камералары, турникет, күзет, қоршау және дабыл батырмаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы да қаралып отыр. Сондай-ақ облысымыздағы 1-4 сынып аралығында оқитын 193 мың бала ыстық тамақпен қамтылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен «Бала құқықтарына қатысты мәселелер жөніндегі дөңгелек үстелінде» белгілі болды. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары мен Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қатысып, бала құқықтарына қатысты өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға, өзекті мәселелерге тоқталды. Айта кетсек Түркістан облысында 1 000 мектеп бар. Онда 515 мың оқушы білім алады.