Бүгін Сауран ауданының «Алтын күз» шарасы өтті. Құрылғанына небәрі 2 жыл болған өңір ауыл шаруашылығы саласында біршама жетістіктерге жеткен. Аудан Түркістан мен Кентау шаһары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр десек те артық емес. Өңірдегі үздік деп танылған ауыл шаруашылығы мамандары жиында аудан басшылығының марапатына ие болды.