Түркістан қаласындағы №12 Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте ақын Қаныбек Сарыбаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған шара ұйымдастырылды. "Өмірден кетсем де, өлеңнен кетпеймін" атты жыр мүшайрасына өңірдегі 34 мектептен 60-қа жуық оқушы қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңінде оқушылар ақынға арнап шығарған жүрек жарды өлеңдерін оқыса, екінші кезеңінде автордың жыр-шумақтарын жатқа оқудан жарысты. Қала көлемінде басталған бұл мүшәйра алдағы уақытта облыс көлемінде жалғасын таппақ.