Түркістанда көп ұзамай өндіріс алаңы іске қосылады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жаңа нысаннан бой көтеретін кәсіп түрлерін анықтау мақсатында іскер азаматтармен кездесті. Жиынға 50-ге жуық шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатысып, қолға алғысы келетін жобаларын ұсынды. Кәсібін дамытуға ниет білдіргендердің арасында Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген азаматтар да бар. Сонымен, олар қандай іс бастамақ? Тілші бейнематериалында.