Түркістанда “Өнерлі өлке” фестивалі жалғасуда. Жобаның мақсаты ұлттық мәдениет пен Түркістанның туристік әлеуетін арттыру. Сондықтан өңірдегі аудан қалалар Түркістанға келіп, тұрғындарға өнерден шашу шашады. Ендігі кезек Ордабасы ауданына да жетіпті. Аймақ өнерпаздары қала халқын қалай таңғалдырмақ? Оны тікелей эфирге шығуға дайын тұрған әріптесім Нұрдәулет Сыздық айтып берсін.