Түркістанда "Өнерлі өлке" облыстық фестивалі жалғасуда. Бұл шара Түркістан облысының 5 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Фестиваль төрт айға жоспарланып отыр. Онда аудан-қалалар этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің және аудан, қаланың жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырады.