Онлайн дүкендер базар нарығын ығыстыруда. Елімізде пандемиядан соң электронды сауда жүйесі жанданды деуге болады. Өйткені ол жерде азық-түліктен бөлек киім-кешек, күнделікті тұтынатын заттар, жиһаз, техниканың түр-түрі бар. Статистиканы сөйлетсек, 2021 жылы онлайн сауда 3,6 пайыз болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 13 пайызға бірақ жеткен. Ал базар нарығындағы жағдай қалай? Түркістандықтар онлайн сауданы таңдайды ма әлде базарды ма? Шынар Әділханқызы анықтап келді.