1-наурыздан бастап өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Байқауға облыстағы 35-ке толмаған жоғары білімі бар жастар қатысып, 2 жыл ішінде жаңа лауазымға тағайындалуға мүмкіндік алмақ. Бастысы белгілі бір салада кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Өркен Балажанов жастармен кездесу барысында хабарлады. Іріктеу 6 бағыт бойынша 31-наурызға дейін жалғасады.