Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстандық үш азамат шетелдіктерге жалған құжат жасады деген күдікпен ұсталды. Аталған мәселеге қатысты іс жергілікті прокуратураға жолданған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оның мәліметінше, екеуі қамауға алынып, үшіншісі елден кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілген. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары осы елдің "Жеке мәліметтерді қорғау туралы" заңына сәйкес күдікке ілінгендер туралы жеке ақпарат беруден бас тартты.