Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл 60 мың адам көгілдір отынға қосылады. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Осылайша, тұрғындар қыстың кезінде көмір үшін кезекте тұрып, әбігерге салынбайды. Сондай-ақ, өңірде жайлы мектеп бағдарламасы бойынша жаңа білім ошақтары салынбақ. Барлығын рет-ретімен тілшіміз айтып берсін.