Түркістан облысындағы «Тұран су» мекемесіне су нысандарын күтіп ұстауға арналған заманауи техника берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы Үкіметке бірқатар тапсырма берген болатын. Түркістан облысында да су нысандарын күтіп-баптау мен тіршілік нәрін үнемдеу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қолданысқа берілген жаңа техникалар өңірдегі су және ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша серпін береді деп күтілуде. Ордабасы ауданындағы аталған мекеменің өндірістік-техникалық базасында өткен жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жауаптыларға су ресурстарын үнемді пайдалану қажеттігін ескертті.