Ордабасы ауданы Берген ауылында қуанышты жаңалық. Елді мекенде табиғи газ нысаны іске қосылды. Енді ауылдың 250-ден астам шаңырағы көгілдір отын игілігін көрмек. Тұрғындардың қуанышына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов та ортақтасып қайтты.