Елімізде күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады, 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Ал экс-министр Бишімбаевтың ісінен кейін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнаманы күшейту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Оның алдын-алу мақсатында елімізде түрлі шаралар жасалып жатыр. Соны бірі Ордабасы ауданында өтті. Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн акциясының мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау. Әсіресе жасөспірімдерге өнеге көрсету дейді мамандар.