"Көшемізде жол жоқ, одан қалды ішетін ауыз су тапшы". Бұл Шұбарсу ауылының тұрғындарының Ордабасы ауданының әкімімен кездесуінде айтылған мәселелердің бір парасы. Жұрттың сөзінше, елдімекендегі өзекті проблемалар көп. Ал аудан әкімі болса түйіткілді мәселелер рет-ретімен шешімін табатынын жеткізді.